Меню KDT
logo.png?_=1522916352
Социально-деловая сеть Мангистауской области
ru kz en
Новости

1 сыныпқа қабылдау

01.04

1 сыныпқа қабылдау
Құрметті ата-аналар! Ағымдағы жылғы
1 сәуірден бастап 2023-2024 оқу жылына
1 сыныпқа құжат қабылдау басталды!
ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, Қарақия аудандық білім бөлімінің “№1 жалпы білім беретін мектеп” КММ бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырады.
1-сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
Ата-ана адын-ала мектепті белгілеп, egov.kz веb порталы арқылы және қағаз түрінде өз өтініштерін тапсыра алады.
Қажет құжаттар тізімі:
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты;
063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
Өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектепте орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады. Құжаттарды жүктеуге маман көмек көрсетеді.
«Мектепте құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін алу алгоритмі:
Ата-анаға электрондық қолтаңбаны алу қажет;
Электрондық үкімет порталын ашу: https://egov.kz;
Порталда egov.kz «БІЛІМ» бөліміне кіріңіз;
«Білім беру» бөлімінде «Орта білім беру» бөлімшесін басыңыз;
«Білім беру ұйымдарына (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы орта) құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдаңыз;
«Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
Дербес ЭЦҚ көмегімен жеке кабинетке кіріңіз;
Тізбеге сәйкес құжаттарды жүктеңіз:
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты;
063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
Құжаттарды жүктегеннен кейін ЭЦҚ қызметіне қол қою;
Құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны қарауға алу;
Бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке оқуға қабылданғаны туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту жіберіледі;
Оқуға қабылдау туралы бұйрық а.ж. 20 тамыздан кешіктірілмей жүргізіледі.
Соңғы күнге қалдырмай, балаларымызды мектепке қабылдауға
өтінішті беруді бүгіннен бастайық!
Гимназия сыныбына қабылдау тәртібі:
Министрліктің № 564 бұйрығының 9-7 тармағына сәйкес, балаларды гимназия бірінші сыныбына қабылдау үшін күнтізбелік жылғы 15 маусымға дейін дербес белгілейтін емтихандар өткізеді.
Сондықтан мектепте оқушылар емтихан тапсырып болғаннан кейін 16 маусымнан бастап 1 тамызға дейін өтініш тапсыра алады.
Келіңіздер! Біздің мектеп сіздің балаңызды қабылдауға әруақытта дайын. Мектепте баланың тәрбиесі мен білім алуына барлық жағдай жасалған.


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры