Меню KDT
logo.png?_=1522916352
Социальная сеть Мангистауской области
ru kz en
Новости

«Жаксылык жаса!» республикалық «Мектепке жол» акциясы

10.08

«Жаксылык жаса!» республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Жаксылык жаса!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
 Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Айгул Байзулиеваның және қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Тлеповтың демеушілігімен  балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен қаржылай көмек көрсетілді. Сыйлықтарды тарту барысында оқушылар мен ата аналарға тілектер айтылып, жаңа оқу жылының табысты болуына лебіздерін білдірді.
«Мамандандырылған IT лицей» КММ әкімшілігі демеушілердің көрсеткен көмектері үшін шексіз алғыс білдіреді                                             


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры