Меню KDT
logo.png?_=1522916352
Социальная сеть Мангистауской области
ru kz en
Новости

педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта педагогикалық әдептің негізгі принциптерін сақтау шараларына байланысты жиналыс

03.05

03.05.2023ж күні, сағат 09:50- де мектеп мұғалімдерімен педагогикалық әдептің кейбір мәселелеріне сәйкес педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта педагогикалық әдептің негізгі принциптерін сақтау шараларына байланысты жиналыс өтті. Жиналысқа 46 мұғалім, мектептің аппараты қатысты. Жиналысты мектептің Әдеп кеңесінен 4 адам қатысып, кеңес мүшесі Н. Мушаханова жиналысты ашып, әдеп туралы кейбір мәселелерге тоқталып , түсіндірме жұмыстарын айтып өтті.
Сөз кезегін алған мектеп басшысы О. Б. Шатенов “Педагог мәртебесі” туралы Заң туралы айта келе, “Заң бәрімізге ортақ” мектеп педагогтары өзіміздің беделімізді көтеретін заңды құрметтеп, мүмкіндігін дұрыс қолданып, әдеп мәселесінде педагог тұлғасының беделіне нұқсан келтірер әдеттерден аулақ болуға шақырды. Өзгенің қарап, бой түзей алатын педагог тұлғасы бейнесін жасау, мектеп педагогтарының қолында тұрғанын, интернет желілері мен ата- ана басқа да тұлғалармен сөз мәдениетінде әдепті болуға шақырды. Және де ата- аналардан мектепке жөндеу жұмыстарына, бұйымдарға, түлек сыныптары арасында ұйымдастырылатын сыйлыққа ақша жинауға қатаң тиым салынатынын ескертті.
Ар-намыс қасиетінде терең ой қозғады…


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры