Меню KDT
logo.png?_=1522916352
Социальная сеть Мангистауской области
ru kz en
Новости

Әдеби кеш өтті

05.04

Әдеби кеш өтті

 

Қазақ әдебиетіне 60 жылдарда қосылып, жемісті еңбек еткен қаламгерлердің бірі – М. Шаханов. Ол - өз тұстастарымен бірге тоқырау заманы деген кездің өзінде де, қазақ рухани мәдениеті мен ұлттық болмысының жаңғыруы жолында күрескен қайраткер. Сондықтан оның шығармашылығы ұлттық бастаулардың қайнар көзінен нәр алып, адамның рухани жан дүниесін байытатын көркем туындылар ұсынды.

Мұхтар Шахановтың шығармалары қашанда құнды. Оның балладалары мен поэмалары әлемнің екі жүз тіліне аударылып, қазақ әдебиетін әлемге танытуда өз үлесін қосуда. Өлеңдерінде философиялық ой басым. Рухты ақынның өлеңдері жас өскелең ұрпақтың жүрегіне Отанға, туып өскен жерге деген патриотық сезімдерді ұялатады.

Осындай рухы мықты ақынның биылғы 80 жылдық мерейтойына орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С. Абдынасыровтың қолға алуымен жоғары сынып оқушыларымен әдеби кеш ұйымдастырылды. Әдеби кеште мектеп кітапханашысы Г. Уринбасарова М. Шаханов шығармашылығына арналған қалқан ұйымдастырып, кітаптарымен таныстырса, кейін танымы мол бейнеорамдар мен слайдтар көрсетілді. Оқушылар ақиық ақынның өмірі, шығармашылығы туралы айтып, өлеңдерін жатқа оқыды. Әдеби кеш соңында сөзін де, әнін де М. Шахановтың өзі жазған «Туған күн кешінде» әнін кешке қатысушылар бірге айтып, жоғары қөңіл күймен аяқтады.

Мұғалім әдеби кешке белсене қатысқандарға алғыс айтты. 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры