Меню KDT
logo.png?_=1522916352
Социальная сеть Мангистауской области
ru kz en
Новости

«Туған өлке» палеонтологиялық музейінің ашылуы

22.12

22.12.2022ж. «Балалар жылы» қарсаңында «Мамандандырылған ІТ лицей» КММ «Туған өлке» палеонтологиялық музейінің ашылу салтанаты өтті. Жиынды, лицей директоры Ж.Жумашева ашып берді.
Музей, лицейдің 9 сынып оқушысы, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық, облыстық кезеңінің жеңімпазы, Еуразия инновациялық орталығы мен Ұлттық жоғары оқу орындарының бірігіп ұйымдастырылған «Зейін-2022» Республикалық І дәстүрлі ғылыми-зияткерлік олимпиадасының, «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Ғылым әлемін ашамыз» байқауының жеңімпазы Джунельбекова Марияның «Маңғыстаудың палеонтологиялық эволюциясы» тақырыбындағы, ғылыми жобасын зерттеу барысында жиналған экспонаттар негізінде ашылды, жоба жетекшісі география пәні мұғалімі Насырова Н. З.
Ашылу салтанатына шақырылған қонақтар Ә. Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберген С. Ж., Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің табиғатты қорғау бөлімінің басшысы Қуанышева А. К., экспозициялық көрме бөлімінің меңгерушісі Молбаева Р. К., суретші-дизайнер Бисенбаева А. Т., «Казмунайгаз инжиниринг» ТОО сарапшысы Белоножкина О. Ю., Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Согласие» қорының директоры Натрошвили А. Ш., Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Турганбаева Б. С. және тарих ғылымдарының кандидаты Черниенко Д. А., сөз сөйлеп, жаңа бастамаларымызға өз тілек-ұсыныстарын білдірді. Біз өз кезегімізде, Маңғыстау облысындағы Палеонтология эволюциясына байланысты ғылыми-зерттеу жұмысымыз ары қарай жүргізіліп, музейіміз қазбалармен толықтырылады деген сенімдеміз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры