«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ»
16.03.2023
Ағымдағы жылдың 11.02.2022ж күні мектебімізде қала әкімдігінің жоспары бойынша 10-11 сынып білім алушылар арасында теолог маманмен кездесу өткізілді.
Кездесу «Діни экстремизмнің алдын алу» деген тақырыпта өтті. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат - жастарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру. Яғни, жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жастарға жан-жақты түсіндіру.
Кездесу теолог маманмен диалог түрінде өтті. Дінтанушы-теолог маманның ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігі жөнінде атап өтті.



Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
