Қаңтардың 16 күні Құлыншақ бөбекжай-балабақшасы мен №1 жалпы білім беретін мектеп арасындағы сабақтастық аясында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс- шараға балабақша балалары мен 1 «Б» сынып оқушылары қатысып, қазақтың ұлттық ойыны – «Асық ату» ойынын ойнады. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу, салт-дәстүрге деген қызығушылықтарын арттыру және балабақша мен мектеп арасындағы тығыз байланысты нығайту.