«Өнегелі 15 минут» аясында
«Қамқорлық – адамгершілік белгісі» тақырыбында
7 «А» сыныбында тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шараны ата-ана Қошаханова Жаңыл өткізді. Ол оқушыларға қамқорлық пен адамгершіліктің маңызы, бір-біріне көмек көрсету мен құрметпен қарау дағдылары туралы қызықты әңгімелер мен ойындар арқылы түсіндірді.
Балалар белсенділік танытып, өз ойларын бөлісті. Мұндай іс-шаралар тәрбиелік мәні зор болып, оқушылардың жақсылық жасауға және адамдарға қамқор болуға деген дағдыларын арттырады.
