Құндылықтарға негізделген білім беру – жарқын болашақ кепілі
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық әдебиетке қызығушылығын арттыру, тұлғалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында мектебімізде ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында «Абайтану» және «Әбіштану» клубтары өз жұмысын бастады.
🗓 15 қаңтар күні «Абай» клубы 4-сынып оқушылары арасында «Абай кім?» атты танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара АКТ залында өтіп, оқушылар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен кеңінен танысты.
📖 Іс-шара барысында:
Абайдың өлеңдері мәнерлеп оқылды;
Ақынның балалық шағына саяхат жасалды;
Өлеңдеріндегі табиғат бейнесі бойынша суреттер салынды;
Абайдың әндері шырқалды.
Іс-шараны ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізген «Абай» клубының жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құбашев Бибарыс Ибрагимұлы, 4 «А» және 4 «Ә» сынып жетекшілері:
Аймағанбетова Багдагул Кожаевна,
Қосымбаева Орынша Лабақбайқызы.
✨ Ұлы Абай мұрасын жас ұрпаққа таныту – рухани тәрбиенің алтын арқауы!
#Абайтану #ҚұндылықтарғаНегізделгенБілім #РуханиТәрбие #ҰлттықӘдебиет #МектепӨмірі
