Меню KDT
logo.png?_=1522916352
Социальная сеть Мангистауской области
ru kz en
Новости

🌐 «Қоғам және әлеуметтік желі. Кибербуллинг салдары»

25.11

🎮 Ойынға салауатты көзқарас 🌐 «Қоғам және әлеуметтік желі. Кибербуллинг салдары» 📌 5–7 сынып оқушыларына арналған сұхбат-сабақ  Бүгін мектебімізде 5–7 сынып оқушыларына арналған маңызды тақырыптағы сұхбат өткізілді. 💻 Информатика пәнінің мұғалімі Н. Терекқызы оқушылармен ақпараттық қауіпсіздік, онлайн ойындарға деген салауатты көзқарас және кибербуллингтің салдары туралы ашық әңгіме жүргізді.  🔹 Сабақ барысында оқушылар: – Ғаламтордағы қауіптер туралы білді – Кибербуллинг жағдайларынан қалай қорғануға болатынын талқылады – Әлеуметтік желідегі өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау маңызын ұғынды – Компьютерлік ойындарға тәуелділіктің алдын алу жолдарымен танысты  🧠 Мұндай шаралар балалардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.  📢 Киберкеңістікте де қауіпсіздік маңызды! Әр оқушының саналы әрекеті – оның жарқын болашағының кепілі.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры