29.01.2025 ж мектебімізде “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жоспары аясында «Тұлғаның қалыптасуы: тәуелсіздікке құқық» тақырыбында 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған педагогикалық қолдау дәрісі өтті. Дәрісті Г.Мушахан мен Ж.Бекдаулетова жүргізді.
Дәріс барысында жасөспірімдердің тұлғалық қалыптасуы, олардың өзіндік санасын дамыту, дербес шешім қабылдау қабілеті және тәуелсіздікке құқығы мәселелері қарастырылды.
Мұғалімдер ата-аналарға жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері, олардың еркіндік пен жауапкершілікті үйлестіруі туралы түсінік беріп, қолдау көрсету жолдарын талқылады. Сонымен қатар, балалардың дербестігін құрметтеудің маңыздылығы және олардың өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіндік беру туралы ұсыныстар айтылды.
Дәріс барысында ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіне қатысты маңызды сұрақтарға жауап алды. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, ата-аналарға өз балаларының тұлғалық дамуын қолдауға көмектесетін нақты әдістемелік