Меню KDT
logo.png?_=1522916352
Социальная сеть Мангистауской области
ru kz en
Новости

“Жасөспірімдердің түсінік алу және ақпаратты қабылдау тәртібі”

08.02

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сай
5-9 сынып ата-аналарына арналған “Жасөспірімдердің түсінік алу және ақпаратты қабылдау тәртібі” тақырыбында дәріс өтті.
Дәрісті М. Чабаева, мен Б. Жакуов жүргізді.
Дәріс барысында мектеп психологтары ата-аналарға жасөспірімдердің танымдық процестері, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты ақпаратты қабылдау механизмдері туралы маңызды мәліметтер берді.

Сонымен қатар, дәріс интерактивті форматта өтіп, ата-аналарға арнайы ойындар ұйымдастырылды. Бұл ойындар ата-аналардың балаларына деген түсіністігін арттыруға, эмоционалдық байланыстарын нығайтуға бағытталды. Қатысушылар топтық тапсырмалар орындап, пікір алмасты.

Дәріс ата-аналар үшін пайдалы әрі қызықты өтті. Олар жасөспірімдердің ойлау және түсіну қабілеттерін дамыту жолдары туралы жаңа ақпарат алды. Сонымен қатар, мектеп психологтары: М. Оразалиева мен А.Наурызованың өткізген ойындары ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға көмектесетін ата-аналар мен балалардың бір-біріне деген сенімін арттыруға, эмоционалдық байланысты күшейтуге, өзара түсіністікті жақсартуға бағытталды. Қатысушылар осындай кездесулердің маңыздылығын жоғары бағалап, болашақта жалғасын табуын қолдады.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры