Меню KDT
logo.png?_=1522916352
Социальная сеть Мангистауской области
ru kz en
Новости

“Әжем үйреткен”

08.02

⚜️Мектебімізде 29.01.2025 ж.күні “Даналық мектебі” аясында “Әжем үйреткен” тақырыбында қыз балалардың қатысуымен әжелердің шеберлік сағаты өтті.
⚜️Мақсаты: Қыз балаларды тұрмыстық дағдыларға, ұлттық тағамдар дайындауға, қолөнерге баулу.
Ұмыт бола бастаған дәстүрлерді жаңғырту және насихаттау.

🔆Аталған іс-шара барысында әжелер жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараны мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары: М. Аринова мен МАД “А” сынып жетекшісі: Ж. Тажиханова жүргізді.

⚜️1-бөлімде қатысушы әжелер өздерін таныстырып, өмірлік жолдары мен отбасы құндылықтары жайлы әңгімеледі.
⚜️2-бөлімде қыздарға тұрмыс-тіршілікке, отбасылық өмірге, ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты ақыл-кеңестерін айтты.
⚜️3-бөлімде шеберлік сабақтары өтіп, әжелер қыздарға ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын жасауды үйретті.
Атап айтқанда:

🔆Гүлсара әже ұлттық тағам – бұжының жасалу жолын көрсетті.
Гүлжамал әже бауырсақ пісірудің құпияларымен бөлісті.
Күрең әже ұршық иірудің әдістерін түсіндірді.
Жұлдыз әже киізден бұйым жасаудың тәсілдерін үйретіп, бірнеше дайын жұмыстарын алып келді.

⚜️Бұл іс-шара қыз балаларға үлкендерден тәлім алып, ұлттық мұраға жақындауға мүмкіндік берді. Әжелердің шеберлік сабақтары арқылы қыздар тұрмыстық өмірде қолдануға болатын құнды білім мен тәжірибе жинады.
⚜️Іс-шара соңында әжелерге мектеп ұжымы атынан алғыс хаттар табысталды.







Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры