Меню KDT
logo.png?_=1522916352
Социальная сеть Мангистауской области
ru kz en
Новости

«Отбасылық келісімнің кепілі – сенімді қарым-қатынас»

01.02

«Отбасылық келісімнің кепілі – сенімді қарым-қатынас»

Мектебімізде отбасы құндылықтарын дәріптеу және ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Отбасылық келісімнің кепілі – сенімді қарым-қатынас» атты 1-4 сынып ата-аналарына дәріс өткізілді.

Мақсаты:

Оқушыларға отбасындағы сенімнің маңызын түсіндіру.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар жүргізу.
Отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайтудың маңыздылығын көрсету.
Дәрісті 1-сынып білім алушылардың сынып жетекшілері: А.Бишенова мен Ш.Төлесін жүргізді.

Отбасы – махаббат пен сенімнің ордасы екені түсіндіріліп, дәрістің мақсаты айтылды.
«Сенімді қарым-қатынас қалай қалыптасады?» тақырыбында ата-аналар арасында өз ойларымен бөлісті.
Тапсырмалар мен ойындар: Ата-ана мен бала бірлесе отырып «Біз біргеміз» секілді шығармашылық тапсырмалар орындап, отбасылық сенімділікті арттыруға бағытталған жаттығулар жасады.
Отбасылық құндылықтардың маңызды екені атап өтіліп, дәріске қатысушы
ата-аналар арасында отбасындағы жылы қарым-қатынас, бір-біріне деген сенім мен сыйластықтың маңызы айқындалды. Мұндай шаралар отбасылық келісім мен түсіністікті нығайтуға зор ықпал етеді.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры