“Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” акциясы аясында М. Нұрғалиева бөлме гүлдерін баптау бойынша шеберлік сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға бөлме өсімдіктерін дұрыс баптау жолдарын үйрету және өсімдіктерге күтім жасаудың маңыздылығын түсіндіру болды. Шеберлік сағатында гүлдерді суару, топырақ таңдау, тыңайтқыш қолдану және оларды зиянкестерден қорғау тәсілдері көрсетілді. Қатысушылар практикалық тәжірибе алып, бөлме гүлдерін баптау туралы маңызды ақпараттармен танысты.