16.01.2025 ж күні мектебімізде мектепішілік семинар ұйымдастырылды. Семинарға бастауыш, жаратылыстану- математикалық , қоғамдық –ғуманитарлық және эстетикалық пән бірлестіктерінің мұғалімдері қатысты. Семинар бағдарламасына сәйкес педагог –зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсенбаева Ләззат Оралбайқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада тапсырмаларының құрылымы» тақырыбында сөйледі. Мұғалімдерге олимпиадада қандай тапсырмалар бағыты, олардың құрылымы, бағалау критерийлері, грамматикалық тапсырмалар, айтылым дағдысы бойынша тапсырмаларға тоқталып, оқушыны олимпиадаға қалай дайындаймыз? деген сұрақтар төңірегінде кеңінен түсінік беріп өтті. Республикалық «Алтын түлек» республикалық олимпиадасын ұйымдастырушыларының «Олимпиадалық есептерді шешудің құрылымдық тәсілдері» атты 2 күндік Астана қаласында өткен семинарға қатысып келген педагог –модератор, математика пәнінің мұғалімі Сағындық Нұрсұлтан Құрманәліұлы семинардан алған тәжірибесімен бөлісті. Олимпиадалық есептердің құрылымдық тәсілдерін нақты мысалдармен көрсетті. Семинар мұғалімдерге пайдалы болды деп есептейміз. Директордың ғылыми –әдістемелік жөніндегі орынбасары: Унгарбаева Жаннат Уразгалиевна семинарды қорытындылап, өз тәжірибелерімен бөліскен спикерлерге мектеп әкімшілігі атынан Алғыс білдірді.