2024 жылдың 26-қарашасы күні мектебімізде эстетика онкүндігі аясында«Еңбектің наны тәтті» атты 6-сынып қыз балалары арасында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Екі сыныптан құралған “Самға”, “Лашын, “Қарлығаш” топтары қатысты.
Іс-шараны көркем еңбек пәнінің мұғалімі:
А. Шанышбаева жүргізді.
Мақсаты – қыз балалардың еңбекке деген құрметін арттыру, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық жауапкершілік туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ балалардың ана мен отбасы алдындағы міндеттерін сезіндіру болды.
Іс-шара барысында қыз балаларға арналған дәстүрлі еңбек дағдыларын үйрену бойынша тапсырмалар орындады. Олар үй шаруашылығында анасына көмектесу, дастарқан дайындау сияқты жұмыстарды меңгеріп, ас әзірлеу тәсілдерін үйренді. Сонымен қатар, шара барысында «Анаға көмектесу – үлкен бақыт» тақырыбында әр оқушы өз ойымен бөлісіп, отбасы мүшелеріне көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
Оқушылар бұл шарада отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасты нығайту, аналарға құрмет көрсету мен олардың еңбегін бағалау сияқты маңызды өмірлік құндылықтарды үйренді.
Іс-шара қорытындысы бойынша “Самға” тобы I-орын
“Лашын” тобы II-орын “Қарлығаш” тобы III-орынға ие болды.
#Біртұтас_тәрбие