19.11.2024 жыл күні «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де
Г.Урунбасарованың ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушыларына «Есірткісіз болашаққа» тақырыбында танымдық сағаты өтті. Іс-шараға Қарақия АПБ ЖПҚб ЮПТ КТіЖ УПИ полиция аға лейтенанты Г.Сұлба, Криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция капитаны А.Тулеуов және МДТЖЖО А.Рахматуллин, аудандық кітапхана қызметкері А.Байтжанова қатысты.
Мақсаты: Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу.