Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері арасында өткізілген "Үздік тәрбиеші - 2021" қалалық байқауына №18 "Мереке" бөбекжайының тәрбиешісі Тұмышева Айнұр қатысып, І орынға ие болды. Байқауда А.Тұмышева өзінің біліктілігі мен кәсіби деңгейінің жоғары екенін көрсете білді. Айнұрға шығармашылық табыстар мен еңбек жолында жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!