Бірыңғай сынып сағаттары

19.12.2024

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар бойынша 1-11 сыныптар арасында бірыңғай сынып сағаттары өтілді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, мектепте патриоттық рухты көтеру және тарихи сананы нығайту мақсатында сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттар барысында оқушылар еліміздің егемендікке жету жолындағы тарихи оқиғаларымен танысып, Тәуелсіздіктің маңызы туралы терең мағлұмат алды. Сонымен қатар, Қазақстанның мәдениеті, тілі, дәстүрі және ұлттық құндылықтары туралы пікірталастар ұйымдастырылып, бейнероликтер көрсетілді.

Сынып сағаттарының ерекше бөлігі – оқушылардың өз ойларын еркін білдіріп, Тәуелсіздікке деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін шығармашылық жұмыстар арқылы жеткізуі болды. Кейбір сыныптарда өлеңдер оқылып, патриоттық әндер орындалды.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың елжандылық қасиеттерін дамытып, Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді








Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено