«Жадыны дамыту»

09.12.2024

“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жұмыс жоспарына сай 21.11.2024 ж күні 5-9 сыныптың ата-аналарына арналған «Жадыны дамыту» тақырыбында  дәріс өткізілді. Бұл дәрісті А.Азмагамбетова мен Г.Атшыбаева жүргізді. Мақсаты — ата-аналарға баланың жадысын дамыту әдістерін таныстыру және күнделікті өмірде қолдануға арналған практикалық кеңестер беру.   Дәріс барысында баланың жадысы мен танымдық қабілеттерін жақсартудың негізгі әдістері мен тәсілдері түсіндірілді. Тиімді әдістерді үйрету: Ата-аналарға баланың есте сақтау қабілетін арттыру үшін қолдануға болатын түрлі ойындар, жаттығулар және күнделікті іс-әрекеттер таныстырылып, топтық жұмыс орындалды.  Жаттығулар мен тәжірибе: Ата-аналар балаларымен бірге жаттығуларды қалай жасау керек екендігі бойынша жадыны дамытуға бағытталған  түрлі тәжірибелермен бөлісті  Күнделікті өмірде қолдану: Ата-аналарға баланың жадысын дамытуға бағытталған жаттығулар мен әдістерді күнделікті өмірде қалай тиімді қолдануға болатынын көрсетілді.  






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено