Жаңалықтар
13.07.2024Спикердің айтуынша, Маңғыстау облысының мектептерін 8070 оқушы аяқтады. Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 79 мыңнан аса білім гранты бөлінді. Маңғыстау облысы түлектері үшін 43 ЖОО-на 2000 білім гранты бөлінді. Оның ішінде, педагогикалық ғылымдар саласына – 274, өнер және гуманитарлық ғылымдар саласына – 90, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласына – 122, бизнес, басқару және құқық саласына – 190, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласына – 70, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына – 565, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 589, ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласына – 30, қызмет көрсету саласына – 70 білім гранты бөлінді,- деді Гүлмира Мамаева.
Брифинг барысында Есенов университеті қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ерсайын Джалғасов бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу үшін келесі оқу жылына арналған гранттардың тізімімен таныстырды.
- Барлығы 112 мың грант бөлінді. Сондай-ақ, гранттардың ең көпсанын келесі білім беру бағдарламаларының топтары алды: «инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» - 19 344 грант;
«Педагогикалық Ғылымдар» - 13 735 грант;
«ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» - 10 903 грант;
«жаратылыстану ғылымдары, математика жәнестатистика» - 8 288 грант. Өз тарапымнан барша студенттерге сәттілік тілеймін,- деді Ерсайын Джалғасов.
Айта кетейік, аталған білім гранттары конкурсына құжат қабылдау а.ж. 13-20 шілде аралығында Есенов университеті базасында жүргізіледі.
Community discussions
Обсуждений не найдено
