Меню KDT
logo.png?_=1522916352
Социально-деловая сеть Мангистауской области
ru kz en
Новости

«Шығармашыл ұстаз» байқауы

16.04

«Шығармашыл ұстаз» байқауы

 

Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні Жекелеген пәндерді  тереңдетіп  оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатында «Шығармашыл ұстаз» байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты технология пәні мұғалімдері арасында мұғалімнің интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып, кәсіптік шеберлік деңгейін арттырумен бірге жаңа бағдарламамен оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Байқауда мұғалімнің жеке шығармашылық портфолиосы мен күнтізбелік тақырыптық жоспарына сай практикалық сабақтар көрсетілді. 

Байқау қорытындысы бойынша М.Әбдіхалықов мектеп - гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі Жұман Ақжарқын және Жекелеген пәндерді  тереңдетіп  оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатының технология пәні  мұғалімі Калдығұлова Гүлзира - ІІІ орын, М.Горький атындағы мектеп –лицейінің технология пәні  мұғалімі Қуан Айгүл - ІІ орын, Ақшұқыр мектеп - лицейінің технология пәні  мұғалімі Есболова Ақмарал - І орынмен марапатталды.  Шахта орта мектебінің ер балалар көркем еңбек пәні мұғалімі Ештаева Сафура «Бас жүлде» иеленіп, облыстық кезеңге жолдама  алды.

Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні «Шығармашыл ұстаз» байқауының облыстық кезеңі  өтті, байқау қорытындысы бойынша Шахта орта мектебінің ер балалар көркем еңбек пәні мұғалімі Ештаева Сафура  ІІІ орынды иеленді.


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры