Меню KDT
logo.png?_=1522916352
Социально-деловая сеть Мангистауской области
ru kz en
Новости

«Үздік сынып жетекші-2018» аудандық байқауы

16.04

 

 

Аудандық білім үйлестіру орталығының іс-қимыл жоспарына сәйкес, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлығын дамыту, сынып жетекшілерінің имиджін көтеру мақсатында 2018 жылдың 14 ақпан күні Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Үздік сынып жетекші- 2018» аудандық байқауы өткізілді.


Байқауға аудан мектептерінен 9 мұғалім қатысты. Қазылар алқасының құрамында аудандық білім үйлестіру орталығы директорының міндетін атқарушы Молдажанова Жансая Құттымұратовна, Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатының мектеп директорының оқу-  тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Колбаева Акмарал Сериковна, аудандық білім үйлестіру орталығының тәрбие әдіскері Муқашева Шолпан Қранқызы болды.

«Үздік сынып жетекші-2018» аудандық байқауының қазылар алқасының хаттамасының шешіміне орай байқауға  қатысқан  мұғалімдер аудандық білім бөлімінің дипломымен марапатталды.

Бас жүлдемен – Ақшұқыр мектеп-лицейінің дене  шынықтыру пәні мұғалімі Урбисинов Нурлан;

«Үздік сынып жетекші-2018» аудандық байқауының қазылар алқасының хаттамасының шешіміне орай аудандық білім бөлімінің дипломымен төмендегі мұғалімдер марапатталды:

І орынмен – З.О.Баймырзаев орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Искендирова Макпал;

ІІ орынмен – Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Демегенова Сәулеш;

ІІІ орынмен – Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қалымжанова Көркем, М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қозыбақ Айгерім, Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Есболай Ғайни.

«Сынып жетекші – көшбасшы» номинациясымен Шахта орта мектебінің география пәні мұғалімі Жунелбекова Нургул, «Зиялы сынып жетекші» номинациясымен Е.Өмірбаев орта мектебі тарих пәні мұғалімі Сақтағанова Гүлнәр, «Жаңашыл сынып жетекші» номинациясымен А.М.Горький мектеп-лицейінің дене  шынықтыру пәні мұғалімі Өтелгенова Ляззат марапатталды.

«Үздік сынып жетекші-2018» аудандық байқауында «Бас жүлде» иеленген Ақшұқыр мектеп-лицейінің дене  шынықтыру пәні мұғалімі Урбисинов Нурлан облыстық  кезеңге  жолдама  алды.  

 

 


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры